loader image

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

 
12  мамыр күні ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ахметов Мәди Абылайұлы мен «Amanat» партиясы Медеу аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ТОО  «Timus Development» директоры  Нұртаев Тимур Таймасұлы Ядролық физика институтында жұмыс сапарымен болды.

 

Сапар аясында ЯФИ бас директоры, ҚазҰЖА академигі Сахиев Саябек Қуанышбекұлы ССР-Қ зерттеу реактор кешені, радиохимия мен изотоптар өнідірісінің ғылыми-техникалық орталығының, радиациялық технологиялар ғылыми-өндірістік орталығының жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар арнайы сапар аясында институттың жетекші ғалымдары мен қызметкерлері  Мәди Абылайұлы мен Тимур Таймасұлымен кездесіп, ЯФИ-ның өзекті мәселерін жеткізіп, институттың дамуы мен жаңа бағыттары жайын хабардар етті. Кездесу барысында сондай-ақ  Мәди Абылайұлы мен Тимур Таймасұлы  5 маусымда өтетін Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде республикалық референдумның мәнін түсіндіріп, еліміз үшін қажеттілігі мен маңыздылығын атады. Қабылданатын реформаның бағыттарымен таныстырды. Соның негізінде «Жаңа Қазақстан» қалыптастыру жолында  әрбір қазақстандықтың  атсалысуының қажеттілігіне тоқталып өтті.

Ядролық физика институты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Байланыс

eskort eskişehir - mersin eskort - adana eskort